KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың 9 айындағы өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің қорытындылары туралы хабарлайды

 17.11.2014    282
Нақты деректерге қарағанда, «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы бойынша шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 46 млн. 32 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 7% төмен. Шоғырландырылған мұнай айналымы 33 млрд. 81 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 3% төмен. Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 19 млн. 123 мың текше метр болды, бұл 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 7% жоғары. Есеп беру кезеңі бойынша негізгі қызметтен түскен шоғырландырылған табыс 146 млрд. 714 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 3,7% жоғары. Бұл орайда жеке «ҚазТрансОйл» бойынша табыс 132 млрд. 546 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша нәтижеден 5,3%-ға жоғары. Шоғырландырылған таза пайда 37 млрд. 271 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 25,6% төмен. Бұл орайда жеке «ҚазТрансОйл» бойынша таза пайда 50 млрд. 104 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша нәтижеден 21%-ға жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтерді санаған кезде Қоғамның шоғырландырылған немесе жеке таза пайданың ең үлкен мөлшері қолданылатыны жайында ескертеді («ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтік саясаты). Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,5 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2,1 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер