KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды облысындағы үш нысанын пайдалануға берді

 25.11.2014    348
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнін тойлау қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ үш ірі объектісін салу мен қайта құру жұмыстарының аяқталуы жөнінде хабарлап отыр. Нысандарды атап айтқанда, Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырын, Б. Жұмағалиев атындағы БМАС-та сүйеу сорғы стансасын салу және Барсеңгір стансадағы электрмен қамтамасыз ету жүейсін қайта құру. Берілген өндірістік нысандар ҚХР тұтынушыларына қазақстандық мұнай экспортын ұлғайту мен көмірсутек шикізаттың ішкі нарықтағы тұтынудың жоспарлы өсіміне бағытталған Қазақстан-Қытай жобасын жүзеге асырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда бар нысандар пайдалануға берілген. Қарағанды облысының аумағы бойымен өтетін 0 км - Б. Жұмағалиев атындағы БМАС учаскедегі жалпы ұзындығы 198,9 км. Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырының үшінші желісін салу Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесін ұлғайту жобасын жүзеге асыруға негізделген. Атап айтқанда, берілген мұнай құбырының қосымша желісін салу экспорттық қуаттылығын арттыру мен қазақстандық мұнайды Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ішкі нарыққа жекізудің, ПМӨЗ қоса, техникалық жағдайларын жасау үшін керек болып тұр. Мұнай құбырын салу кезең-кезеңмен, екі учаскемен өтті. Жобаның бірінші кезеңі – Құмкөл – Қарақойын мұнай құбырының үшінші желісін салу (26 км – Д. Жұмағалиев атындағы МБАС) – 2012 жылдың тамыз айында басталды. Нысанды пайдалануға берілгендігі жөніндегі мемлекеттік қабылдау алқасының актісіне 2013 жылдың 30 мамырында қол қойылған болатын. 2013 жылдың қыркүйегінде екінші учаскенің салынуын бастады (26 км – Д. Жұмағалиев атындағы МБАС). Екінші учаскесін пайдалануға берілгені жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол 2014 жылдың 30 қыркүйегінде қойылған болатын. Құрылыс жұмыстарының мердігері ТОО «Электро-ХСБМ» болып табылады. Құрылыстың жалпы құны 23 млрд теңгені құрады. Б. Жұмағалиев атындағы МБАС-та заманауй сүйеу сорғы стансасын салу 2013 жылдың шілдесінде басталған болатын. Бұрынғы сүйеу вертикальдық насостары 20 жылдан бері пайдаланудан әбден ескіріп, сенімділік пен жоғары тиімділік қағидаларына сәйкес келмеді. Жаңадан салынған қондырғыда мұнайдың жөнелтуін Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Атасу МБАС және одан әрі ҚХР-ға қамтамасыз ететін заманауй горизонтальдық сорғылар орнатылған болатын. Бұрынғы агрегаттардан олар жақсартылған гидравликалық сипаттармен, энергия мен жөндеу-пайдалану шығыстарын үнемдейтін одан да сенімді құрылғымен ерекшеленіп келеді. Нысанды пайдалануға тапсырылғаны жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2014 жылдың 30 қыркүйегінде қол қойылды. Құрылыс құны – 1,1 млрд теңге. Жезқазған облысында орналасқан Павлодар-Шымкент мұнай құбырында орналасқан Барсеңгір МАС-тағы энергияны үнемдеу жүйесін қайта құру 2013 жылдың қазан айында басталған болатын. Құмкөл-Қарақойын-Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры бойынша мұнай көлемдерін жоспарланған ұлғаюына байланысты жүргізілген болатын. Іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде мұнай айдау стансасының тозған электр жабдығы өндірістік нысандардың энергия нәтижелілігі мен үнемдеушілігі қағидаларын сай келетін жаңадан жабдыққа ауыстырылған еді. Жобаның бағасы – 725 млн теңге. Нысанды пайдалануға тапсырылғаны жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2014 жылдың 31 қазанында қол қойылды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,5 мың шақырымға созылған мұнай құбырлары мен 2,2 мың шақырымға созылған су ағызғылар желілерін басқара отырып, 8 мыңдай адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандар Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының Жезқазған мұнай құбыры басқармасы 1985 жылы құрылды. Басқарма жалпы ұзындығы 1538,2 км. Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырын, Павлодар-Шымкент, Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбырларының учаскелерін, «Торғай-Петролеум» АҚ иелігіндегі мұнай құбырын пайдаланып отыр. Жезқазған мұнай құбыры басқармасының құрамына Қарағанды мен Қызылорда облысындағы өндірістік нысандар кіреді: МБАС Құмкөл, Б. Жұмағалиев атындағы МБАС, Барсеңгір МАС, Аральск ЖӨДС және Торғай-Петролеум мұнай құбыры, 4 апаттық-қалпына келтіру пункттері мен 1 бекініс апаттық-қалпына келтіру пункті. Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры Қазақстан-Қытай құбырының екінші кезеңінің бірінші кезегі болып табылады, 2009 жылдың аяғында пайдалануға берілген болатын. 2010 жылы ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы мұнай мен газ саласындағы 2004 жылдың 17 мымырдағы келісім шеңберінде республикамызда теңдесі жоқ Құмкөл МБАС салынған болатын. Ондағы мұнай тасымалдаудың технологиялық үдерісін басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған, Қазақстанда мұнай айдаған кезде бұрын-соңды қолданылмаған SIEMENS секілді өндірістегі микропроцессорлық жабдық пайдалануда. «Құмкөл» МБАС Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры бойынша Құмкөл кен орындары тобының және батыс аймағының мұнайын қабылдап тасымалдайды. Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырымен (Қарақойын-Атасу учаскесі) ҚХР бағытта мұнай экспортқа және Шымкент мұнай өңдеу зауытына бағытталып отыр (ПКОП ЖШС). «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі 8 (7172) 555-136
Реакция:
Серiктестер