KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау облысындағы Мартыши-Атырау мұнай құбырына рұқсатсыз кесудің салдарын толығымен жойды

 20.01.2015    318
Үстіміздегі жылдың 16 қаңтарында нәижесінде мұнай төгілуіне әкеліп соқтырған Мартыши-Атырау магистральдық мұнай құбырының 81,6 км-гі учаскеде (Атырау облысы) жасаған рұқсатсыз кесудің салдары толығымен жойылды. Қайта жөндеу жұмыстарына 16 мен 18 қаңтар аралығында ҚазТрансОйл АҚ Батыс филиалының Атырау мұнай құбыры басқармасының 83 жұмыскері мен 34 бірлік арнайы техника енгізілген болатын. 18 қаңтарда жерден мұнайға былғанған топырақты мен Черная өзенін орап жапқан лас мұзды шығару жұмыстары бітірілген болатын. Мұнайға былғанып кеткен топырақ көлемі 18,8 текше метрді құрады. Әзірше қоршаған орта мен құбырдың бұзылуы, мұнайдың төгіліу салдарынан «ҚазТрансОйлға» келтірілген зиян сомасы дәйектелуде. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер