KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың қаржылық нәтижелері жөнінде хабарлап отыр (шоғырландырылмаған және аудиттелмеген)

 30.01.2015    369
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша түсім 2014 жылдың 12 айында 180 млрд. 281,4 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 7,2% жоғары. Жеке «ҚазТрансОйл» бойынша таза пайда 2014 жылдың 12 айында 59 млрд. 758,3 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың нәтижелерінен 14,9% артық болып отыр. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер