KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың батумилік активтеріне қамақ салу туралы ақпарат

 20.03.2015    411
Батуми мұнай терминалының клиент компанияларының арызы бойынша Тбилиси қалалық сотының 2015 жылғы 20 ақпандағы «Талап ісін қозғағанға дейін талапты қамтамасыз ету іс-шараларын ішінара қанағаттандыру туралы» ұйғарымына сәйкес «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-дағы (Грузия) 100% үлесіне, «Батуми теңіз кемежайы» ЖШҚ-ның (Грузия) 100% үлесін басқаруға «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның айрықша құқығына және «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның жылжымайтын мүлкіне қамақ салынды. Көрсетілген қамақ салу Батуми мұнай терминалының клиент компанияларының талап-арызын қамтамасыз ету шарасы болып табылады, оның мәнісі – Батуми мұнай терминалының мұнай және мұнай өнімдерін ауыстырып құю нарығындағы артықшылық жағдайымен, соның ішінде көрсетететін қызметтерге тариф белгілеуімен байланысты мәселелер. Бұл ретте қамақ салу Батуми мұнай терминалының ағымдағы шарушылық қызметіне әсер етпейді, ол қалыпты жағдайда жүріп жатыр. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер