KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі дивидендтер төлеуге 46 429 363 155 теңге көлеміндегі сомасын жіберуді ұсыныс етті

 17.04.2015    296
2015 жылы 15 сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің отырысы өтті. Соның барысында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын 2015 жылдың 20 мамырында шақыру шешімі қабылданып, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының келісідей күн тәртібі орнатылды:
  1. 2014 жылғы «ҚазтрансОйл» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту;
  2. 2014 жылғы «ҚазтрансОйл«АҚ-ның таза пайдасын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мен «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
  3. 2014 жылғы «ҚазТарнсОйл» АҚ-ның жылдық есебін бекіту;
  4. «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің 2014 жылғы жасаған жұмыстың жылдық есептілігін бекіту;
  5. 2014 жылғы Қоғам мен оның лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің үндеулерін қарау және сол қараудың қорытындысы туралы;
  6. «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізілімі 2015 жылғы 04 мамыр айының жағдайы бойынша жасалады. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілуі туралы мәлімдеме KASE сайтында және Қоғамның корпоративтік сайтында (http://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/akcionerler_ushin_zharnama_zhene_akparat/) орналастырылды. Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жалпы жиналысына: 1. 2014 жылда алған 46 430 565 000 (қырық алты миллиард төрт жүз отыз миллион бес жүз алпыс бес мың) теңге көлемдегі таза кірісті келісідей тәртіппен таратуды: – 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың жүз елу бес) теңге көлемдегі сомасын дивидендтерді төлеуге жіберу арқылы; – Таза кірістен қалған 1 201 844 (бір миллион екі жүз бір мың сегіз жүз қырық төрт) теңге көлемдегі сомасын «ҚазТрансОйл» АҚ иелігіне қалдыру арқылы. 2. Бір жай акциясына 120 теңге 71 тиын мөлшеріндегі дивидендтерді төлеуді ұсынған болатын. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы. «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзақтығы 7,5 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар мен су таратқыштар әртараптандырылған торабын иеленетін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары Қазақстандық Қор Биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды. 2012 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңге және/немесе орналастыру бағасына 10,3 пайыз құрады. 2012 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңге немесе 2012 жылда алған таза кірістің 86 пайызын құрады. 2013 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 109 теңге және/немесе орналастыру бағасына 15 пайыз құрады. 2013 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңге немесе 2013 жылда алған таза кірістің 66 пайызын құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі - 8-717-2-555-135, 8-717-2-555-136
Реакция:
Серiктестер