KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) материалдарын топтық сайтта орналастыру туралы «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды

 04.05.2015    391
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылғы 20 мамырға белгіленген «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының материалдарының топтық сайтта орналастырылғаны туралы хабарлайды. Қазақ тіліндегі материалдар мына мекенжайда орналастырылған: http://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/akcionerler_ushin_zharnama_zhene_akparat/ Орыс тіліндегі материалдар мына мекенжайда орналастырылған: http://kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/informaciia_dlia_akcionera_i_investora/informaciia_i_obiavleniia_dlia_akcionerov/ Атап айтқанда «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2014 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша компанияның Директорлар кеңесі АЖЖЖ-ға бекітуге ұсынды:
  • 2014 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ алған 46 430 565 000 теңге теңге мөлшерінде таза табысты бөлудің мынадай тәртібі:
    • 46 429 363 155 тенге 29 тиын мөлшерінде соманы дивиденд төлеуге жолдау;
    • таза табыстың 1 201 844 теңге 71 тиын мөлшерінде қалған сомасын Компанияның билігінде қалдыру;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегенде 2014 жыл үшін дивиденд мөлшері 120 теңге 71 тиын сомасында.
  • 2014 жылдың қорытындыларымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар компания акционерлерінің тізімін тіркеу күні – 2015 жылғы 27 мамыр 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша.
  • 2014 жылдың қорытындыларымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің басталу күні – 2015 жылғы 10 маусым.
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырлары жөніндегі ұлттық операторы, Қазақстан Республикасының жалпы ұзындығы 5,6 мың км-ден артық әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырлары желісін және 1,9 мың км-ден артық суағызғыны басқарып отырған аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары Қазақстандық қор биржасында листингтен өтті. Халықтық ІРО нәтижелері бойынша 2012 жылғы қараша – желтоқсанда Қазақстан Республикасының 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қоры «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері болды. 2012 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшері 75 теңгені немесе орналастыру бағасына қарағанда 10,3%-ды құрады. 2012 жыл үшін дивидендтің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені немесе компанияның 2012 жылға шоғырландырылған таза табысы мөлшерінің 86%-ын құрады. 2013 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшері 109 теңгені немесе орналастыру бағасына қарағанда 15%-ды құрады. 2013 жыл үшін дивидендтің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңгені немесе компанияның 2013 жылға шоғырландырылған таза табысы мөлшерінің 66%-ын құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер