KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Дауды соттан тыс реттеуге және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың батумилік активтеріне салынған қамақты алып тастауға бағытталған Бітімгершілік актілерін жасауға қатысты ақпараттық хабар

 04.05.2015    274
2015 жылғы 23 сәуірде Тбилиси және Батуми қалаларында бір жағынан ООО «Батумский нефтяной терминал», «Batumi Terminals Limited» компаниясы, «Petrotrans Limited» компаниясы және екінші жағынан «Libra Trading FZC» компаниясы, сондай-ақ «Vibro Diagnostik» шетелдік кәсіпорын филиалы арасында өз араларындағы дауды соттан тыс реттеуге және ООО «Батумский нефтяной терминал», «Batumi Terminals Limited» компаниясына және «Petrotrans Limited» компаниясына да, сондай-ақ «Vibro Diagnostik» шетелдік кәсіпорын филиалына да салынған қамақтар мен өзге де шектеулерді тез арада алып тастауға бағытталған Бітімгершілік актілері жасалған-ды. Грузия заңнамасының талаптарына сәйкес аталған Бітімгершілік актілері Тбилиси және Батуми қалалық соттарына бекітуге берілді.
Реакция:
Серiктестер