KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың 1-ші тоқсанындағы шоғырландырылған қаржылық қорытындыларын хабарлайды

 20.05.2015    690
«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялары тобының 2015 жылдың алғашқы 3 айындағы түсімі 53 млрд 568 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы дәл осындай көрсеткішке қарағанда 18% жоғары. Түсімнің ұлғаюына 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап көтерілген экспорттық тариф пен ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында мұнайдың кейбір көлемінің ішкі нарықтан экспортқа бағытталуы себеп болды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы шоғырландырылған таза пайда көлемі 20 млрд 561 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың алғашқы 3 айындағы дәл осындай көрсеткіштерге қарағанда 4 еседен артық. 2015 жылдың 31 наурызында аяқталған алғашқы 3 айдың аудиттелмеген аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп қорытындылары «ҚазТрансОйл» АҚ-тың корпоративті сайтында жарияланады (сілтеме): http://kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/raskritie_informacii/finansovaia_informaciia_godovie_i_promezhutochnie_finansovie_otcheti/ Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,7 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер