Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Жезқазған мұнай құбыры басқармасында «Дублер күні» танымдық кәсіптік бағдар беру шарасы өтті. Оған Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында бозбалалар кәсіпорын қызметімен танысты, негізгі өндірістік процестер туралы мағлұматқа кенеліп, өздерін электргазбен дәнекерлеуші ретінде сынап көрді. Жастар тәжірибе түрінде жұмысшы мамандық иелеріне қандай дағдылар мен білім қажеті екенін көріп білді және қызметкерлерге сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды.
«Дублер күні» шарасын өткізу студенттердің жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып, мұнай тасымалы саласының болашақ кадрлық әлеуетін арттыруды қалыптастыруға бағытталған.
