KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті

 21.05.2015    326
«ҚазТрансОйл» АҚ офисінде 2015 жылдың 20 мамырында өткен Жылдық Жалпы акционерлер жиналысының қорытындылары бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Оған компанияның бас директоры Қ. Қабылдин, бас директордың эеономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ә. Нүсіпова, бас директордың даму жөніндегі орынбасары Б. Зәкіров қатысты және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қ. Қабылдин журналистерді жылдық жалпы акционерлердің жиналысында қабылданған акционерлердің шешімдерімен және компанияның 2014 жылы жасаған жұмыс нәтижелерімен, даму келешектерімен таныстырды. Оның хабарлауынша, акционерлер жиналысында 2014 жылғы «ҚазтрансОйл» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін, 2014 жылғы «ҚазТарнсОйл» АҚ-ның жылдық есебін, «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылда жасаған жұмыстың жылдық есебін бекіткен болатын. «ҚазТрансОйл» акционерлері сонымен қатар 2014 жылда алған таза кірісті үйлестірудің тәртібін бекітіп, «ҚазТрансОЙл» АҚ қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мен 2014 жылға Компанияның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдады. Акционерлердің шешімімен бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 120 теңге 71 тиын, немесе орналастырылған акция бағасының 16,7 пайызын құрды. Дивидендтердің жалпы сомасы - 46 млрд 429 млн 363 мың 155 теңге 29 тиын, немесе компания пайдасының 100 пайызы. Бұл компанияның соңғы үш жылда төлеп отырған дивиденд көлемінің максималды деңгейі. 2014 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылдың 27 мамырында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болады, ал дивидендтерді төлеу 2015 жылдың 10 маусымнан басталады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,7 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер