KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2014 жыл үшін «ҚазТрансОйл» қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі шешім туралы хабарландыру

 22.05.2015    559
Қазақстан Республикасы Астана қаласы «Есіл» ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайында орналасқан және деректемелері мынадай: ЖБН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік сериясы 62001 №0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ 536010111000012185 (теңге) «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды: «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2014 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың бір жүз елу бес) теңге 29 тиын сомасында дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады және бір жай акцияға шаққанда 2014 жыл үшін 120 (бір жүз жиырма) теңге 71 тиын дивиденд мөлшері бекітілді («ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлері жылдық жалпы жиналысының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 1/2015 хаттамасы). 2014 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 27 мамыр 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша түзілді. Дивиденд төлеу ақшамен, оны «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен 2015 жылғы 10 маусымнан бастап жүргізіледі:
1) «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ атынан төлем агенті арқылы; 2) «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрмаған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өзі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен.
Реакция:
Серiктестер