KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері үшін ақпараттық хабарлама

 27.05.2015    300
«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23-бабын орындау үшін, Қоғам акционерлерінің 2015 жылғы 20 мамырдағы (№1 хаттама) жылдық жалпы жиналысымен 2014 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары KZ1C29950017 (KZ1C00000744) бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды. 1. «ҚазТрансОйл» АҚ Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 19, «Б» бөлігі. Қоғамның банктік деректемелері: ҚҚС бойынша тіркеуге қою куәлігі, 2012ж., 29 тамыздан сериясы 62001 № 0015217, Кбе16, БИН 970540000107, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астанадағы аймақтық филиалы, WIFT BIC: HSBKKZKX, KZ536010111000012185. 2. Дивидендтер төленетін кезең – 2014 жыл. 3. Бір жай акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 120 (жүз жиырма) теңге 71 (жетпіс бір тиын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салық сомасы). 4. Дивидендтерді төлеуге жіберілетін жалпы қаржының сомасы - 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың жүз елу бес) теңге. 5. Дивидендтерді төлеудің басталатын күні – 2015 жылдың 10 маусымынан бастап. 6. Дивидендтерді төлеудің түрі мен тәртібі: дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күні - 2015 жылдың 27 мамыры 00 сағат 00 минут; дивидендтерді төлеу тәсілі – акционерлердің шоттарына қолма – қол емес ақша аудару жолымен дивидендтер алуғы құқығы бар акционерлердің тізімі бойынша: - «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ атынан төлем агенті арқылы; - «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрмаған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өзі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен жүргізіледі. Құрметті акционерлер! Егер Сіз жеке куәлігіңізді және/немесе жеке сәйкестендірме нөмеріңізді (ЖСН) ауыстырсаңыз, онда Сіз келісім шарт жасалған делдалдық компанияңызға өз дербес деректеріңіздің өзгерістері туралы хабарлауыңыз қажет. Егер Сізге тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ есеп шотына аударылған болса, Сіз дивидендтерді төлеу мерзімі басталғанға дейін ресми түрде Қоғамға дивидендтерді алушының банктік деректемелерін және Қоғамның тіркеушісінде дивидендтерді алушының деректемелерін көрсетіп, өзіңіз туралы мәліметтерді жаңартуыңыз қажет.

Байланыс ақпараты

«ҚазТрансОйл» АҚ Топтық хатшы (7172 – 555034) Майкенов Арман Саткенұлы Инвесторлармен байланыс қызметінің жетекшісі (7172 – 555 049) Масалин Алмаз Маратұлы Баспасөз қызметінің жетекшісі (7172 – 555135) Самакова Раиса Байғазықызы Төлем агенті («Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның атаулы иелігінде орналасқан акцияларға ғана үшін) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ.,«Самал-1» ш.а., 28 Байланыс телефондары: +7 (727) 262 03 09, +7 (727) 262 04 02, +7 (727) 262 06 22, +7 (727) 262 11 01, +7 (727) 262 12 23, +7 (727) 262 14 04
Реакция:
Серiктестер