KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар-Шымкент мұнай құбырының Барсеңгір-Атасу учаскесін қайта құруды аяқтады

 02.07.2015    588
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар-Шымкен магистральдық мұнай құбырының 19 километрдегі Барсеңгір-Атасу учаскесінің қайта құрылуы жөнінде хабарлап отыр. Павлодар-Шымкент магистральдық мұнай құбырының қайта құрылу жобасы құбырдың Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау стансасы-Барсеңгір мұнай айдау стансасы – Атасу БМАС учаскеде 20 млн тоннаға дейінгі көлемде құбырдың кері бағыттағы өткізгіштік қабілеттігін арттыру үшін жүзеге асырылып отыр. Берілген жұмыстар «Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салудың екінші кезеңнің екінші кезегі. Қуаттылығын жылына 20 миллион тоннаға дейін арттыру» ірі халықаралық жоба аясында жүзеге асырылып отыр. Қайта құру шеңберінде Павлодар-Шымкент ММҚ-ң Барсеңгір-Атасу учаскесінің 19 км-лік кесіндіснің монтажы өткізілді, мұнай құбырларын тазарту мен диагностика жүргізу құралдарын қабылдау камералары орнатылды. Жұмыстарға жұмсалған қаражат сомасы 4,1 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2015 жылдың 29 маусымында қол қойылған болатын. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,7 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасз қызметі 8 (7172) 555-136
Реакция:
Серiктестер