KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Fitch Ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі - Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) кредиттік дәрежесін «ВВB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

 09.09.2015    357
Fitch Қоғамның шетел валютасындағы эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін (бұдан әрі - ЭДД) «ВВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Сонымен қатар Fitch Қоғамның ұлттық валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДД «Тұрақты» болжаммен «ВВВ» деңгейіннен «BBB+» деңгейіне дейін көтереді. Ұлттық ұзақ мерзімді дәреже мен Қоғамның ұлттық қамтамасыз етілмеген басым дәрежесі «AA+(kaz)»- дан «AAA(kaz)»-ға дейін көтерілді. Қоғам дәрежелері компанияның операциялық қызметінің және кредит төлеу қабілетілігінің күшті көрсеткіштерін көрсетеді, олар Fitch-тің ойынша орташа мерзімді болашақта сақталады, сондай-ақ Қазақстан экономикасы үшін Қоғамның стартегиялық маңыздылығын ескереді. Fitch талдаушыларының ойынша, Қоғам дәрежелері акцияның мажоритарлық пакетіне ие бас құрылым - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, «BBB»/ болжам «Тұрақты») дәрежелерінің деңгейімен шектеледі. Қоғам дәрежелері ҚМГ дәрежелерінің деңгейімен шектеледі, себебі бас құрылым Қоғамның бос ақша ағынына дивидендтер арқылы елеулі ықпал етеді, олар ҚМГ қарыздарына қызмет көрсету үшін қажет, оның деңгейі 2015 жылғы наурыздың аяғында 3,2 трлн. теңгені (17,3 млрд. долл.) құрады. 2014 жылға Қоғамның дивидендтер төлеу деңгейі 100% деңгейінде белгіленді және 2011-2014 жылдары 66%-дан 231%-ға дейін жоғары деңгейде болған. Айта кету қажет, Fitch Қоғам дәрежесін «A» дәрежелік санаттың төмеңгі бөлігіне сай ретінде дербес негізде бағалап отыр. Fitch Қоғамның Қазақстандағы мұнай тасымалдау секторында жетекші орын алатындығын және мұнай құбырларының ұлттық операторы бола мұнай тасымалдаудың ішкі нарығында монополиялық орын алады деп есептейді. 2014 жылы Қоғам Қазақстан-Қытай құбырының өткізу қабілеті жылына 20 млн. тонна ірі учаскелерін пайдаланатын екі бірлескен кәсіпорындары мен China National Petroleum Corporation тасымалдауын есептемегенде, Қазақстандағы өндірілетін барлық мұнайдың жалпы көлемінен 53% тасымалдады. Fitch талдаушылары қаржы күйзелісі болған жағдайда мемлекет Қоғамға көмек көрсетеді деп ойлайды, ол тікелей, капиталды жарна ету немесе мемлекеттік банктер мен қорлардан кредит түрінде, не жанама, мұнай тасымалдауға жоғары тариф түрінде болуы мүмкін.
Реакция:
Серiктестер