KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Moody’s Investor’s Service халықаралық дәрежелеу агенттігі (Moody’s) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (ҚТО) кредиттік дәрежесін қайта қарады

 29.01.2016    427
2016 жылғы 22 қаңтарда Moody’s халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ты (ҚМГ) және ҚТО-ны қоса алғанда ЕМЕА өңірінің (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) 32 мұнай және мұнай сервисі компанияларының дәрежелерін төмендету мүмкіндігімен қайта қарауға қойды. ҚТО-ның дәрежесін төмендету мүмкіндігімен қайта қарау туралы шешім Moоdy’s-тің ҚТО акциялары мажоритарлы пакетінің иесі – ҚТО бас компаниясы ҚМГ-ға қатысты осындай дәрежелеу іс-әрекетін жүргізуімен байланысты. Moody’s, пікірі бойынша мұнайдың он жылдан артық кезеңге қарағанда ең аз көрсеткішіне жеткен әлемдік бағаларынан ҚМГ тәуекелге ұшырап отыр. Moody’s талдаушылары ҚТО-ның Ваа3 деңгейіндегі ағымдағы дәрежесі компанияның мықты операциялық қызметін және кредит қабілеттілігін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасы үшін стратегиялық маңызын ескереді. Талдаушылардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жоғары қолдау деңгейінің болуы ҚТО-ның мемлекет үшін стратегиялық маңызды орнын және ел экономикасының өсуі үшін шикізат экспортының маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ Moody’s, талдаушыларының пікірі бойынша компанияны мықты нарықтық ұстаным, әртараптандырылған клиенттік қор, ҚТО деңгейінде қарыздың болмауы және өтімділіктің жақсы көрсеткіштері сипаттайды. Moody’s ҚТО-ны 2016 жылы күрделі қаржы жұмсалымдары мен таза табыстың 40%-ы мөлшерінде дивидендтер бойынша төлемдер шығыстарын сенімді түрде жаба алатын ақша қаражаты ағыны күтіп отыр деп есептейді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қазіргі дәрежесі Baa3. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер