KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Standard and Poor’s «ҚазТрансОйл» АҚ кредиттік дәрежесін қайта қарады

 23.02.2016    293
2016 жылғы 19 ақпанда Standard and Poor’s «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ты және «ҚазТрансОйл» АҚ-ты (бұдан әрі – ҚТО) қоса алғанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен байланысты, нарықта шикізат тауарларының экспорты қызметімен айналысушы бірқатар компанияның, сондай-ақ коммуналдық сектор инфрақұрылымдық компанияларының кредиттік дәрежесін төмендету жағына қайта қарады. Дәрежелеу әрекеті 2016 жылғы 17 ақпанда экономиканың өсу қарқынының болжанып отырған кемуімен байланысты Қазақстан Республикасының егемен кредиттік дәрежесінің төмендеуі («BBB-», болжам «Жағымсыз») нәтижесінде жасалды. Standard and Poor’s ҚТО дәрежесінің төмендеуі ҚТО-ның бас ұйымы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дәрежесінің төмендеуімен байланысты екендігін атап көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы үшін ҚТО-ның «жоғары стратегиялық мәні бар» компания ретіндегі мәртебесі, сондай-ақ қаржылық қиыншылық туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметінен тарапынан ҚТО-ның уақтылы әрі жеткілікті айрықша қолдау алу мүмкіндігі «жоғары» екендігі туралы Standard and Poor’s пікірі назарға алынып, ҚТО-ның ұзақ мерзімді кредиттік дәрежесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың дәрежесіндей «BB» деңгейінде, болжамы «Жағымсыз» болып қайта қаралды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер