KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Moody’s Investors Service халықаралық дәрежелік агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-ң дәрежесін «Жағымсыз» деген болжаммен «Baa3» деңгейінде екендігін растады

 04.05.2016    345
Moody’s Investor’s Service халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі - Moody’s) Қазақстанның мемлекет қатысатын мұнай-газ компаниялары - «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ мұнайгаз компаниясы мен оның тікелей және жанама еншілес компаниялары, оның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша дәрежелерді Baa3 деңгейінде растады. Болжам жағымсыз. 2016 жылғы 22 қаңтарда Moody's 32 біріктірілген мұнай, барлау және өндіру компанияларының, сондай-ақ EMEA өңірінің (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) мұнай қызмет көрсету компанияларының дәрежелерін төмендету мүмкіндігімен қайта қарауға қойды. Мұндай қадам мұнай бағасының едәуір түсуімен және әлемдік мұнай нарығында мол ұсыныстардың сақталуымен байланысты. Меншік құрылым салдарынан Moody’s ҚазТрансОйлды мемлекет қатысатын компания деп санайды да сондықтан дәрежелерін осы үлгідегі компаниялар әдіснамасы бойынша есептейді. Компанияның Baa3 деңгейіндегі жиынтық дәрежесі мына факторлар негізінде берілген: (1) компанияның негізгі түбегейлік кредит төлеу қабілетінің бағасы ba1 деңгейіне сәйкес келеді; (2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жергілікті валютада Baa3 кредит рейтингісі берілді, болжам жағымсыз; (3) мемлекет пен компанияның жоғары тәуелділігі; (4) қажет болған жағдайда компанияға кең мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі туралы Moody’s-тың болжамы. 2010 жылғы желтоқсанда жарияланған Moody’s-тың «Энергия тасымалдаушыларды тасымалдау және сақтау халықаралық операциялары» (Global Midstream Energy) әдіснамасын қолдану ҚазТрансОйлға А рейтингін беруге мүмкіндік береді. Бірақ рейтинг агенттігі Қазақстандағы жұмыстармен байланысты геосаясаттық қауіптер, сондай-ақ тасымалдау көлемінің түсуіне және өзге де құбыр операторлары тарапынан бәсекелестіктің өсуіне қатысты қауіптер компанияның негізгі түбегейлік кредит төлеу қабілетінің бағасын «ba» санатына жатқызуды талап етеді. Компанияның дәрежелері бойынша жағымсыз болжам тәуелсіз дәреже бойынша жағымсыз болжамға сәйкес келеді және Қазақстанның тәуелсіз дәрежесінің одан әрі ықтимал төмендеуі топтық дәрежелердің төмендеуіне әкеледі деген фактіні көрсетеді. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер