KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-та Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары бойынша баспасөз мәслихаты өтті

 30.05.2016    577
Бүгін, 30 мамыр күні, «ҚазТрансОйл» АҚ-та 2016 жылдың 27 мамырында өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Оған компанияның бас директоры (Басқарма төрағасы) Н. Шманов, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ә. Нүсіпова, бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары Б. Отаров, активтер жөніндегі басқарушы директоры Б. Зәкіров, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Ж. Исақов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Н. Шманов журналистерді акционерлердін жылдық жалпы жиналысында қабылданған акционерлердің шешімдерімен және компанияның 2015 жылда жасаған жұмыс нәтижелерімен, даму келешектерімен таныстырды. Оның хабарлауынша, акционерлер жиналысында 2015 жылғы «ҚазтрансОйл» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін және шоғырланған жылдық қаржы есептілігін, 2015 жылғы «ҚазТарнсОйл» АҚ-ның жылдық есебін, «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылда жасаған жұмыстың жылдық есебін бекіткен болатын. «ҚазТрансОйл» АҚ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдестемесіне енгізілетін өзгерістерді мен толықтырулар бекітілген болатын. «ҚазТрансОйл» акционерлері сонымен қатар 2015 жылда алған таза кірісті үйлестірудің тәртібін бекітіп, «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мен 2015 жылға Компанияның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдады. Акционерлердің шешімімен бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 133 теңге, немесе орналастырылған акция бағасының 18,3 пайызын құрды. Дивидендтердің жалпы сомасы - 51 млрд 156 млн 534 мың 667 теңге, оның ішінде 44 млрд.712 млн. 936 мың теңге - 2015 жылда алған шоғырланған таза пайдасы, ал 6 443 598 667 – өткен жылдары бөлінбей қалған пайдасы. Бұл компанияның соңғы төрт жылда төлеп отырған дивиденд көлемінің максималды деңгейі. Жылдық дивидендті төлеу 2016 жылдың 11 маусымда 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша реестріне сәйкес жүзеге асырылатын болады және де 2016 жылдың 27 маусымында басталады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары Қазақстандық Қор Биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды. 2012 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңге және/немесе орналастыру бағасына 10,3 пайыз құрады. 2012 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңге немесе 2012 жылда алған шоғырланған таза кірістің 86 пайызын құрады. 2013 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 109 теңге және/немесе орналастыру бағасына 15 пайыз құрады. 2013 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңге немесе 2013 жылда алған шоғырланған таза кірістің 66 пайызын құрады. 2014 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 120 теңге және/немесе орналастыру бағасына 16,5 пайыз құрады. 2014 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 46 429 363 155 теңге 29 тиын немесе 2014 жылда алған шоғырланған таза кірістің 100 пайызын құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі 8-717-2-555-134, 8-717-2-555-136
Реакция:
Серiктестер