KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ белгіленген жоспарды асыра орындауда

 29.07.2016    312
2016 жылдың I-ші жартыжылдығындағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өндірістік қызмет қорытындылары Ақтау қ. бас директор (басқарма Төрағасы) Н. Шмановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста ортаға салынды. Алқалы жиынға компания басшылары, филиал директорлары, мұнай құбыры басқармаларының басшылары, еншіліс және бірлесіп бақыланатын компаниялардың және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның департаменттері мен қызметтердің басшылары қатысты. Есептік уақытта Қоғамның мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 28,3 млн тоннаны құрады. Бұл жоспарлы межеден 1%-ға арттық болса, 2015 жылдағы сәйкесінше кезеңдегі нәтижеге қарағанда 10%-ға кем. Мұнайдың шоғырландырылған айналымы 21,7 млрд тонн/км құрап, жоспарланған межеден 2%-ға асты және 2015 жылдың I-ші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 5%-ға төмен. Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдаудың көлемі 21 млн 923 мың тоннаны құрады. Бұл жоспарлы межеден 1 %-ға артық, ал өткен жылдың есептік уақыттағы көрсеткішінен 10 %-ға аз. Сондай-ақ, жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайдың айналымы 17 млрд 836 млн тонн/км құрап, биылғы жылғы межеден 4 %-ға артса, 2015 жылдың I-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 3 %-ға кеміп отыр. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына есепті уақытта 11,9 млн текше метр су жеткізілді. Бұл көлем жоспарлы межеден 1 %-ға артық және 2015 жылдың 6 айындағы көрсеткішіне пара-пар. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5 400 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2000 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансойл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер