KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Димаш Досанов АО «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып тағайындалды

 05.08.2016    339
2016 ж. 5 тамыздағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның директорлар кеңесінің шешімімен 2016 ж. 1 тамызынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ мұнайды тасымалдау бойынша бас вице-президент қызметіне Нұртас Шмановтың тағайындалуына байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Н. Шмановтың өкіліттіктері берілген өтінішке сәйкес мерзімінен бұрын аяқталды. Директорлар кеңесінің жоғарыда аталған шешіміне сай 2016 ж. 6 тамызынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Димаш Досанов тағайындалды. Димаш Досанова 1981 жылы Алматы қ. дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униеверситетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ, Вашингтон қаласындағы (АҚШ) Джорджтаун университетінің іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген. Димаш Досанов еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімият аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту ассоциацияның менеджері қызметінен бастады. 2004 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі инновациялық саясат және жаңа технологияларды дамыту департаментінің жаңа технологиялар бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2004-2006 жылдар аралығында «БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы, бас маманы, бас директорының көмекшісі, ақпараттық технологиялар департаментінің бас инженері, технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесін басқару департаментінің бас инженері сияқты түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2006-2010 ж.ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қазақстандық қамтымын дамыту департаменті бастығының орынбасары. 2010-2014 ж.ж. - NCOC бас менеджердің сервис жөніндегі орынбасары, сервис жөніндегі бас менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-нан «ҚМГ Қашаган Б.В» іссапарға жіберілді. 2014 жылдан 2016 жылдың қаңтары аралығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің бас директоры лауазымын атқарды. 2016 жылдың 15 қаңтарынан «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. 2016 жылғы қаңтарынан «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. «ҚазТрансойл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер