KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Магистральді мұнай құбыры желісі телімінің толық жөндеуінің нәтижесінде мұнайдың өткізу қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайды

 01.09.2016    284
Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының 185,6 км созылған қазақстандық телімі құбыр желісінің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. ТОН-2 толық жөндеу жұмыстары қазақстандық телім арқылы мұнай тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық мұнайды Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізу және Қазақстан территориясы арқылы ресейлік мұнайды ҚХР бағытына тасымалдау мақсатында жүргізілді. Солтүстік-Қазақстан облысында модернизацияланған телім қазақстандың мердігер «Ақниет-БН» ЖШС-мен толықтай жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін эксплуатацияға берілді. Толықтай жөндеу жұмыстарының жоғары сапалығы тәуелсіз техникалық қадағалаумен дәлелденді. Жұмыстар Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сай өткізілді. — Тұймазы-Омбы-Новосібір-2 (ТОН-2) магистральді мұнай құбырының қазақстандық телімінің сызықтық бөлігін толықтай алмастыру бойынша тағы бір жоба аяқталды, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов. — Өткізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қазақстандық телімінің құбыр желісінің мұнайды өткізу қуаттылығы жылына 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайып, оның транзиттік әлеуетін барынша арттыруға септігін тизігді. Жоба құны 32 млрд теңгеден асады. Іске қосу актісіне қол 2016 жылдың 29 тамызында қойылды. Анықтама: 2013 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметімен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының территориясы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «ТОН-2» магистральді мұнай құбыры 1959 жылы эксплуатацияға берілді. Екі мемлекеттің аумағы арқылы өтетін құбыр халық аралық құбыр болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін ТОН-2 магистральді мұнай құбырының ұзындығы 185,6 км. 2014 және 2016 жылдары «Акниет-БН» ЖШС мердігер ұйыммен Солтүстік-Қазақстан облысында еліміздің аумағы арқылы өтетін ТОН-2 мұнай құбырын толықтай ауыстыру бойынша нысанда зауыттық оқшауда диаметрі 720 мм құбырларды қолдана құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілді. Шекаралас аймақтарда тазалау құрылғыларды қабылдау мен іске қосу камераларымен алаңдар жабдықталды. Мұның нәтижесінде «ТОН-2» магистральді мұнай құбырының қазақстандық телімінің экологиялық қауіпсіздігі мен сенімділігі ұлғайды. «ҚазТрансойл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер