KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Fitch Ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін «BBB-» деңгейінде құптады, болжамы «Тұрақты»

 14.09.2016    272
2016 жылғы 9 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық дәрежелеу агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – ҚТО) шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді дәрежесін «BBB-» деңгейінде құптады, болжамы «Тұрақты». Fitch айтуынша, ҚТО дәрежесі орта мерзімді болашақта сақталатын оның мықты операциялық және қаржылық көрсеткіштерін көрсетеді және Қазақстан экономикасында ҚТО-ның стратегиялық маңыздылығын ескереді. ҚТО дәрежесі оның бас құрылымы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (бұдан әрі – ҚМГ, «ВВВ-»/ болжамы «Тұрақты») дәрежесімен шектеледі. Fitch пікірінше, ҚМГ дивидендтер арқылы ҚТО-ның бос ақша ағымына едәуір әсер етеді, олар ҚМГ-ға 2016 жылғы маусым айының соңғы жағдайы бойынша 3,1 трлн. теңге (9,3 млрд. АҚШ долл.) көлеміндегі қарызға қызмет көрсетуге қажет. 2015 жылға ҚТО дивиденд төлемінің деңгейі 114%-ға тең келді, ал 2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңге ҚТО дивиденд төлемінің деңгейі 66%-дан 231%-ға дейін ауытқыды. ҚТО-ның ішкі нарықтағы мұнай тасымалдау тарифі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу комитетімен реттеледі. 2015 жылы комитет жылына 10% ел ішінде мұнай тасымалдау тарифінің өсу кестесін бес жылға мақұлдады. ҚТО ішкі тарифті екі рет 2015 жылғы 1 қазаннан бастап 10%-ға және 2016 жылдың басынан тағы 10%-ға өсірді. 2017-2019 жылдары тағыда жылына 10% өседі деп күтілуде, ол болашақта компания түсімінің болжауын жақсартады. ҚТО-ның қаржылық қарыздары жоқ. Fitch ҚТО-ның операциялық бағыты бір елде реттеуші ортамен және активтердің шоғырлануымен тежеленетін «ВВВ» дәрежелік санатына сәйкес келеді деп есептейді. Дәрежелік агенттік қаржылық күйзеліс болған жағдайда мемлекет ҚТО-ға тікелей капитал жарнасы ретінде, мемлекеттік банктерден және қорлардан қарыз беру немесе жанама түрде мұнай тасымалдауға жоғары тарифтер қою арқылы көмек көрсетеді деп ойлайды. ҚТО мұнайды құбырлар арқылы тасымалдау нарығында табиғи монополия субъектісі болып табылады. «ҚазТрансойл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер