KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ММҚ жүйесіне 18,9 мың тонна қашаған мұнайы келіп түсті

 18.10.2016    295
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбырлары жүйесіне Қашаған кен орнында өндірілген мұнай қазан айында Атырау-Самара мұнай құбыры участкісі ар-қылы экспортқа тасымалданып, 2016 жылдың қараша айының алғашқы күндері Усть-Луга кемежайы арқылы жөнелтіледі. 2016 жылдың 18 қазандағы жағдай бойынша Қашаған кен орнынан «Қаз-ТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне 18,9 мың тонна мұнай жеткізілген. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбырлары жүйесі 2016 жылдың 11 қазанынан бастап Қашаған мұнайын қабылдауда. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер