KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2016 жылдың 9 айының өндірістік қызметінің қорытындысы

 18.10.2016    516
Есептік уақытта Қоғамның мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 42 млн 405 мың тоннаны құрады. Бұл 2015 жылдағы сәйкесінше кезеңдегі нәтижеге қарағанда 8%-ға кем немесе мұнайды тасымалдау көлемі 3 млн 813 мың тоннаған азайған (2015 жылдың 9 айының мұнай тасымалдау көлемі 46 млн 218 мың тоннаны құраған еді). Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жүкті тасымалдаудың көлемі ү.ж. 9 ай ішінде 32 млрд 479 млн тонна км құрады. Өткен жылдың есептік уақыттағы көрсеткішінен 5 %-ға төмендеген немесе 1 578 млн тонна км-ге дейін азайған (2015 жылдың 9 айының жүкті тасымалдау көлемі 34 млрд 057 тонна км құраған еді). «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына есепті уақытта 19 млн 242 мың текше метр су жеткізілді. Бұл көлем 2015 жылдың 6 айындағы көрсеткішінен 146 мың. шаршы метрге немесе 1 %-ға артық. «ҚазТрансойл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер