KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылдың 9 айына арналған шоғырландырылған қаржы көрсеткіштері

 28.11.2016    417
2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 43,02 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 11 %-ға жоғары. Есепті уақыттағы шоғырландырылған түсім 154,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың 9 айының ұқсас көрсеткішінен 2 %-ға төмен. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5,4 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртышылқпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер