KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Астананың ең үздік салық төлеушісі

 02.12.2016    453
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамын 2015 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік салық төлеушісі деп таныды. Жоғары статусты айқындайтын диплом «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Мадияр Берлібаевқа табысталды. Ең үздік салық төлеушіні анықтау аясында бірқатар компаниялар 12 өлшем бойынша бағаланды, оның ішінде: бюджетке тұрақты салықтық кірісті қамтамасыз ету, салық төлеушінің міндеттерін кіршіксіз орындау, салықтық қарыздар мен салықтық құқық бұзушылықтардың болмауы және т.б. Барлық көрсеткіштер бойынша ең үздік болып «ҚазТрансОйл» АҚ танылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан бюджетіне төленген салық соммасы 29,2 млрд теңгені құраған, оның ішінде Астана қ. бюджетіне – 17,5 млрд теңге төленді. http://astana.kgd.gov.kz/ru/news/torzhestvennaya-ceremoniya-nagrazhdeniya-luchshiy-nalogoplatelshchik-i-luchshiy-uchastnik-2 «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер