KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Новороссийск кемежайына «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа бағыты бойынша Siberian light-тың бірінші партиясы жеткізілді

 01.03.2017    516
2017 жылдың 28 ақпанында Новороссийск кемежайында әрі қарай экспортқа бағытталатын NEW AMORGOS танкеріне жеңіл батыс-сібірлік Siberian light қоспасымен қашағандық мұнайдың алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдың қаңтар айында басталды. Яғни, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа бағыты бойынша алғаш рет «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі «Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы қашағандық жеңіл мұнайдың шикізат сапасын жоғалтпай әрі қарай аз күкіртті жеңіл Сібір мұнайының жалпы ағынында Транснефть мұнай құбырлары жүйесі арқылы транзитпен Новороссийскіге дейін жеткізу көзделген. Бұған дейін «Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы қашағандық мұнайдың алғашқы партиялары қазақстандық мұнайдың басқа да сұрыптарымен бірге тасымалданып келген. Кейін мұнай ресейлік Urals қоспасына «Транснефть» КАҚ-тың жүйесі арқылы жеткізілген болатын. Мұнымен азкүкіртті жеңіл Сібір мұнайының жалпы ағынындағы жеткізілімдерінің нэтбэгі Urals-пен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Бұл отандық мұнай компаниялары мен жалпы Қазақстан үшін өте тиімді. Қашағандық жеңіл мұнайдың шикізат сапасын жоғалтпай тасымалдауға мүмкіндік беріп отырған аталмыш бағыт бойынша болашақта Қазақстанның басқа да кен орындарының жеңіл мұнайы тасымалдануы күтілуде. Бұрынырақта мәлім болғандай, 22-23 ақпанда Новороссийск кемежайында қашағандық мұнайдың бірінші танкерінің жөнелтілімі күтілген, десек те ауа райының қолайсыздығына байланыста кейінге шегерілді. Анықтама: 2016 жылдың 11 қазанында Қашаған кен орнынан «Қаз-ТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне мұнай қабылдана бастады. 2017 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қаз-ТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне 239 мың тонна қашағандық кен орнының мұнайы жеткізілген. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер