KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылдың қаржылық қорытындыларын жариялады

 06.03.2017    588
2016 жылға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке табысы 191 млрд. 869,6 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға төмен. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2016 жылдың жеке таза табысы 46 млрд. 843,7 млн. теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың қорытындысына қарағанда 41,2%-ға төмен. Компанияның 2016 жылдың шоғырланған табысы 207 млрд. 107,8 млн. теңгені құрады, аталмыш көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға төмен. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырланған таза табысы 44 млрд. 527,9 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмен. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың сайтында қаржылық қорытынды жарияланатын болады: http://kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/raskritie_informacii/finansovaia_informaciia_godovie_i_promezhutochnie_finansovie_otcheti/ «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер