KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы 100 млн тонна мұнай айдалды

 31.03.2017    332
Бүгін «ҚазТрансОйл» және CNODC бірігіп бақыланатын ұйым -«Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС-на тиесілі «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырының «Алашаңқай» қабылдау-өткізу пункті арқылы мұнай құбырының іске қосылғаннан бері 100 млн тонна мұнай тасымалданды. «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры әлеуеті зор Қытай нарығына тікелей жолды қамтамасыз еткен ТМД кеңістігіндегі бірінші экспорттық мұнай құбыры. Мұнай құбырының іске қосылуы қазақстандық мұнай экспортының құбыр желісінің жаңа бағытын құруға, қолдағы мұнай құбыры жүйесін жүктеуге, еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану, жаңа жұмыс орындарын құру мен бірге мемлекеттік бюджетке қосымша кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Мұндай жоғары жетістіктер «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі де тегін болмаса керек. Анықтама үшін: Мұнай және газ саласында ҚР және ҚХР арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясындағы шектелмелі Келісімді жасаумен бірге 2004 жылдың 14 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» ЖАҚ және CNPC арасында «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры құрылысының негізгі қағидалары туралы келісімге қол қойылды. 2006 жылы «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры іске қосылды, ал құрылыс толықтай 2008 жылы аяқталды. Құрылыстың алғашқы сатысында мұнайдың өткізу қуаттылығы жылына 10 млн тоннаны құрады. 2013 жылы «ҚазТрансОйл«АҚ мен «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС Қарағанды және Алматы облыстарында МАС № 8 және МАС № 10 екі мұнай айдау станцияларын іске қосты. «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырында орналасқан жаңа станциялар аталмыш құбырдың жобалық қуаттылығын жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізу үшін енгізілді. Экономикалық маңыздылығы мен бірге жаңа МАС-тың әлеуметтік маңыздылығы да зор: өндірісте 100-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмысқа негізінен жақын арадағы елдік мекендердің тұрғындары алынды. «ҚазТрансОйл«АҚ-пен «Роснефть«ҰК» ААҚ арасындағы келісімге сай ҚХР бағытындағы Прииртышск-Атасу-Алашаңқай бағдарымен жылына 7 млн. тонна көлемде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсетуде. 2016 жылдың 27 желтоқсанында Келісімнің уәкілетті тараптары болып табылатын «ҚазТрансОйл«АҚ-пен «Роснефть«ҰК» ААҚ жоғары аталған шартқа қосымша келісімге қол қойды. Құжатпен 2017 жылдан бастап транзиттік ресейлік мұнайдың көлемін 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту қарастырылған. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер