KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2017 жылдың бірінші тоқсандағы өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелері

 26.04.2017    320
2017 жылдың 1-ші тоқсанында жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 11 млн 170 мың тонна құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас көрсеткішінен 1%-ға жоғары. Сонымен қоса, шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдау көлемі 14 млн 263 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1%-ға төмен. Мұнайдың жүк айналымы 1-ші тоқсанда жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд 403 млн тонна-километрді құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 3%-ға жоғары. Ал шоғырландырылған айналым 11 млрд 386 млн тонна-километрді құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2%-ға жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн 933 мың текше метр болды, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 8%-ға жоғары. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығ 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер