KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» мұнай құбырларында 5 жыл ішінде апаттылық, тоттанудан істен шығу, экологиялық қауіп нөлдік деңгейде тіркелді

 05.05.2017    351
2007 жылдан 2017 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ құбырларындағы техникалық жағдай себебі бойынша апаттар тіркелген жоқ. Апаттылық деңгейі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы шаралардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады және бұл салада бес жылда заң бұзушылықтардың болмауы компания тарапынан аталмыш бағытта жүйелі жұмыс күшінде екендігін білдіреді. Өкілетті органдардың тексерулерімен расталған статистикалық деректер «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр жүйесін пайдалану сенімділігін дәлелдейді. Құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі бүкіл қашықтық бойынша қамтамасыз етіледі, құбыр көлігі нысандарындағы экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау басымдықтар қатарында және жауапкершіліктің жоғары деңгейінде жүзеге асырылады. Құбыр жүйесі апатсыз жұмысының басты бөлігі оның техникалық жағдайын уақытылы диагностикадан өткізу болып табылады. Құбырлардың ақауларын анықтау және жедел жою мақсатында 2012 жылдан 2017 жылға дейін компанияда 4 874,07 км мұнай құбырында (жалпы қашықтықтың 91%) құбырішілік және сыртқы диагностика жүргізілген. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жалпы ұзындығы 5 377,3 км мұнай құбырының 500 км диагностика өткізу мерзімі келмегендіктен жүзеге асырылған жоқ. Құбыр жүйесі жағдайын сапалы талдауды қамтамасыз ету мақсатында құбырларға диагностика жүргізу бойынша қызметтерді сатып алу «ҚазТрансОйл» АҚ-та «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы сатып алу ережелеріне толықтай сәйкестікпен жүргізіледі. Мердігерлердің кәсіби талаптары мен сәйкес аттестациясы құжат бойынша расталады. «ҚазТрансОйл» АҚ пайдаланылатын тотқа қарсы қорғаныс заттарын пайдалану тиімділігі 2012 жылдан 2017 жылға дейін магистральды мұнай құбырларында тоттанудан істен шығу болмауымен дәлелденіп отыр. Құқық қорғау органдарымен тығыз өзара әрекеттестік нәтижесінде компания құбырларында заңсыз кесу оқиғаларын азайтуға қол жеткізілді. 2013 жылы заңсыз кесу санын жылына 17 дерекке дейін төмендету мүмкін болды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 заңсыз кесу оқиғасы тіркелсе, 2015 жылы 14 кесу оқиғасы орын алған. 2016 жылы 3 заңсыз қосылу, 2017 жылы тек қана бір заңсыз кесу тіркелді. «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр жүйесін пайдалану және қызмет көрсетуде маңызды емес ауытқулардың анықталуы жүйелік бұзушылықтар болып табылмайды, жедел тәртіпте және қысқа мерзімде құбыр жүйесі қызметі мен республика тұрғындарына зардабын тигізбей жойылады. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі.
Реакция:
Серiктестер