KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне «Жайықмұнай» ЖШС қосылды

 04.07.2017    345
«ҚазТрансОйл» АҚ өз күшімен Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбырының 1187,4 учаскесінде компанияның мұнай құбыры жүйесіне «Жайықмұнай» ЖШС құбырын қосты. Қосылу туралы актқа қол 2017 жылдың 7 маусымында қойылды. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне қосу процессі метрология, техника, өрт, қауіпсіздіктерінің ережелерімен бірге табиғатты қорғау талаптарын сақтай отыра жүргізілді. Осының арқасында «Жайықмұнай» ЖШС мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау-Самара мұнай құбыры аумағы және әрі қарай «Транснефть«ЖАҚ жүйесі арқылы экспорта тасымалдауға мүмкіндік бермек. 2017 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша Атырау-Самара мұнай құбырының учаскесі арқылы «Жайықмұнай» ЖШС 7,5 мың тонна мұнай тасымалдады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,4 мың шақырымға созылған магистралдық мұнай және 2 мың шақырым су құбырлары желілерін басқарып, шамамен 7,7 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл«АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер