KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі тәуелсіз кеңесшіні тарта отырып 2016 жылға өз қызметін бағалауды жүргізді

 19.07.2017    412
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі және оның комитеттері жұмысының тиімділігін тұрақты түрде кешенді бағалап отырады, үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес директорлардың қызметін жекеше бағалауды жүргізіп отырады. 2017 жылы Директорлар кеңесінің қызметін бағалау үшін халықаралық қоғамдық компаниялардың директорлар кеңесінің қызметін бағалауда тәжірибесі мол сырттан тәуелсіз кеңесші – «TopCompetence» ЖШҚ және «Olympex Advisers» ЖШҚ құрамында консорциум тартылған болатын. Өткізілген бағалау Директорлар кеңесінің мүшелерімен сұхбаттасуды, Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің ішкі құжаттары мен хаттамаларын, Директорлар кеңесінің есептерін талдауды, тәуелсіз кеңесшілер мен Кеңес мүшелері арасындағы Директорлар кеңесінің рөлі мен қызметі, Кеңес және комитеттердің құрамы мен құрылымы, Қоғамның менеджментімен өзара әрекеттесуді, Директорлар кеңесі және оның комитеттерінің жұмыс басымдылықтарын қамтыды. Бағалау нәтижелері Кеңес акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, еншілес және тәуелді ұйымдар қызметінің стратегиясын құру және бақылауға қатысты өз рөлін тиімді атқарып отыр, Қоғамның менеджментімен нәтижелі түрде әрекеттеседі деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Кеңестің ашық, сындарлы жұмыс істеуін қамтамасыз етуде Кеңес Төрағасының маңызды рөлі, Кеңес комиттерінің белсенді кәсіби жұмысы, соның ішінде Кеңестің менеджментпен және Қоғамның басқа жұмысшыларымен, және де акционерлердің өкілдерімен байланысын тиімді түрде қамтамасыз ететін корпоративтік хатшының жоғары деңгейде атқарылған жұмысы аталып өтті. Кеңестің және оның комитеттерінің қарауына ұсынылатын материалдардың жоғары сапасына аталып өтті. Кеңес мүшелерінің бай кәсіби тәжірибесі мүдделердің жүйелі теңгерімін және Директорлар кеңесінде қажетті құзыреттерді қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі қызметінің тиімді болуына тәуелсіз директорлар басқаратын Кеңестің барлық комитеттерінің жұмысы едәуір үлес қосады. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің және комитеттердің қызметі көп жағдайда ең үздік халықаралық және ұлттық корпоративтік басқару тәжірибесінің ұсыныстарына сәйкес келетінін көрсетті. Жұмысты дамыту және жақсарту мақсатында ұсыныстар берілді. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысында талқыланды. Талқылау нәтижелеріне сәйкес Кеңес және оның комитеттерінің жұмысын жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын өзекті қылу туралы шешім қабылданды. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер