KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ «ҚазТрансОйл» АҚ-қа қарасты

 13.09.2017    294
«ҚазТрансОйл» АҚ 2017 жылдың 22 тамызындағы Грузия заңнамасының талабына сай Грузия Әділет министрлігінің Ашық реестрдің Ұлттық агенттігінің заңды тұлғалардың кәсіпкерлік және кәсіпкерлік емес реестрінде тіркеу өзгерістері жүргізілді. Осы ретте, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі. Аталған өзгерістер 2017 жылдың 28 маусымында «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» (Кипр) еншілес компаниясының ерікті түрде тарату шешіміне сай жүргізілді. Бұрынырақ, «Batumi Terminals Limited» компаниясының 100% акциясының иеленушісі болған «ҚазТрансОйл» АҚ осы компания арқылы Грузиядағы «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ немесе БМТ өндірістік активтерін иеленіп, басқарған болатын. «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның 100% акциясының эксклюзивті басқару құқығына «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ ие. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер