KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2017 жылдың 9 ай ішіндегі өндірістік қызмет қорытындылары

 11.10.2017    328
2017 жылдың 9 ай ішіндегі жеке «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың тасымалдану деңгейі 34 млн 522 мың тоннаны құрады. Көрсеткіш 2017 жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 5%-ға артық. Мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдаудың шоғырланған көлемі есепті уақытта 43 млн 706 мың тоннаны құрап, 2016 жылдың 9 айындағы көрсеткішінен 3%-ға артық. Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайдың жүк айналымы 29 млрд 306 млн тонн/км құрады. Бұл өткен жылдың сәйкесінше уақытынан 9 %-ға көп. Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 35 млрд 639 млн тонн/км құрап, 2016 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 10 %-ға артық. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына есепті уақытта 20 млн 96 мың текше метр су жеткізілді. Бұл 2016 жылдың 9 айындағы көрсеткішінен 4 %-ға артық. «ҚазТрансОйл«АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер