KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Магистральды мұнай құбырлардағы технологиялық мұнайдың статусы анықталды

 10.11.2017    384
Кеше Челябі қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтіп жатқан аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде ҚР Энергетика министрі Қ. А. Бозумбаев пен РФ Энергетика министрі А. В. Новакпен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» және «Омбы-Павлодар» магистральды мұнай құбырлардағы технологиялық мұнайдың статусын анықтау туралы келісімге қол қойды. Қол қойылған үкіметаралық келісім төменде көрсетілгендер үшін меншік құқығы мойындалады: - «Омбы-Павлодар» магистральды мұнай құбырындағы ресейлік учаскісіндегі 62 048 тонна көлеміндегі мұнай «Транснефть – Урал» АҚ ( «Транснефть» ААҚ еншілес ұйымы) тиесілі; - «Омбы-Павлодар» магистральды мұнай құбырындағы ресейлік учаскісіндегі 79 680 тонна көлеміндегі мұнай «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі; - «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» магистральды мұнай құбырындағы қазақстандық учаскісіндегі 62 048 тонна көлеміндегі мұнай «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі; «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер