KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ нысанында мұнайдың төгілуі жедел тоқтатылды

 17.01.2018    302
2018 жылдың 15 қаңтарында Атырау облысында 12 сағ 42 минутта (Астана уақытымен) «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнайқұбыры басқармасының А. Құлтумиев атындағы мұнай айдау станциясында қуат көзімен қамтамасыз ететін ұйым тарапынан қуат көзінің төмендеп кетуінің нәтижесінде № 7 қыздыру пешінің ысырмалы электр жетегі қысымтығының толықтай ашылуымен өрттен қорғау дабылы қосылды. Ысырмалы қысымтықтың ашылуының салдарынан мұнай дренаждық сыйымдылық пен қарлы жерге тарады. Қазіргі таңда төгілген жер бетінен мұнай тазартылып, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Төгілген мұнайдың көлемі анықталуда. Оқиға нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. «ҚазТрансОйл» АҚ мүлкі мен өндірістік нысандарына зақым келген жоқ. Орын алған оқиға Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнайқұбыры арқылы өтетін мұнай тасымалы үрдісіне әсер етпеді. Оқиға болған жер тұрғылықты аудандардан қашықтықта орналасқан, қоршаған ортаға залал келтірілген жоқ. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер