KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанына арналған өндірістік қызметінің қорытындысы

 23.04.2018    315
2018 жылдың 1-ші тоқсанында жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 11 млн 138 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткішіне сай (сәйкестік 100 %). Сонымен қоса, шоғырланған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдау көлемі 13 млн 910 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2%-ға төмен. Мұнайдың жүк айналымы 1-ші тоқсанда жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд 456 млн тонна-километрді құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1%-ға жоғары. Ал шоғырланған жүк айналымы 11 млрд 491 млн тонна-километрді құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1%-ға жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 6 млн 391 мың текше метр болды, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 8%-ға жоғары. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығ 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер