KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» және КТК-К АҚ серіктестікті дамытуда

 16.05.2018    332
Бүгін Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов пен КТК-К бас директоры Николай Горбань Қазақстан Республикасы аумағындағы КТК-К мұнай құбыры жүйесі нысандарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апатты мән беру жөніндегі келесімшартқа қол қойды. «ҚазТрансОйл» АҚ-ты жоба бойынша мердігер ретінде таңдау 2017 жылғы 05 қазандағы КТК Тендерлік Кеңесінің шешімімен негізделген. Құжат уақытын созу мүмкіндігімен 2018 жылдан 2023 жылға дейін, яғни бес жылға бекітілген. Жоба аясында Атырау облысында 248 жұмыс орны құрылады. Негізгі мамандықтар – желілік құбыршы, слесарлар, механиктер, электриктер және басқалар. – «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің тарихында алғаш рет біздің компания КТК-К мұнай құбырына қызмет көрсететін болады, - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов келісішартқа қол қою салтанатында. – Біз үшін КТК құбыры секілді ірі халықаралық жобаға қатысу үлкен құрмет. Қызметтің ұқсас салаларына қарамастан ҚТО мен КТК бәсекелестер болып табылмайды және бүгінгі келісімшартқа қол қою ұзақ мерзімді өзара тиімді қатыныстардың бастауы болып отыр. – Бүгін қол қойған Техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісімшарт біздің компаниялардың табысты қызметі үшін маңызды рөлге ие. Біз қауіпсіз еңбек және жеке құрамның әлеуметтік қорғалуы, келешек ұрпақ үшін табиғатты қорғау және біздің компания орналасқан аумақтарда тұрғындар өмірін жақсартуға тырысу секілді ортақ құндылықтар негізінде болашақта тұрақты бірге дамудың нақты жарқын келешегін белгіледік, - деп атап өтті өз баяндамасында КТК-К АҚ бас директоры Николай Горбань. «ҚазТрансОйл» АҚ-қа Қазақстан Республикасы аумағындағы КТК-К нысандарына техникалық қызмет көрсету бойынша мердігер қызметтерін сенімді және қауіпсіз беру мақсатында тараптар жағынан шаралардың жол картасы әзірленді. «ҚазТрансОйл» АҚ және КТК 2001 жылы КТК операторлық қызметі басталғаннан бері тиімді еңбек етіп келеді. Жүк жөнелтушілердің КТК мұнай құбырына ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ өзінің Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында қосымша нысандарды іске қосты, оның көмегімен КТК жүйесіне Өзен-Атырау, Кеңқияқ-Атырау, Мартыши-Атырау мұнай құбырлары, сол секілді темір жолмен келетін көмірсутегі шикізаты ауыстырылып тиеледі.
Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ ҚР магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «Қазақстан-Қытай, Атырау-Самара, Ақтау кемежайында танкерлерге және темір жолмен жіберу үшін сыйымдықтарға құю жолымен, сол секілді Каспий құбыр консорциумы жүйесіне жүкті ауыстырып тиеу секілді бес бағыт бойынша ішкі нарық пен экспортқа мұнай тасымалдау қызметін атқарады. ҚХР және Өзбекстан бағыты бойынша Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырады. «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «СЗТК «МунайТас» АҚ, «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «Тургай Петролеум» АҚ-қа тиесілі мұнай құбырларын пайдалану бойынша қызмет көрсетеді. КТК құбыр жүйесі ТМД аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен энергетика саласында ірі инвестициялық жобалардың бірі. Тенгиз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км құрайды. Бұл бағыт бойынша Қазақстанның экпортқа арналған мұнайының үштен екіден көп бөлігі, сонымен қатар ресейлік кен орындарының шикізаты тасымалданады. Оның ішінде Каспийде орналасқан кен орындары да бар. КТК теңіз терминалы жағадан айтарлықтай алыс жерде танкерлерге қолайсыз ауа-райына қарамастан қауіпсіз жүк тиеуге мүмкіндік беретін үш мықты айлақ құрылғысымен жабдықталған. КТК акционерлері: Ресей Федерациясы ( Транснефть атынан – 24% және КТК Компани – 7 %) – 31%; Қазақстан Республикасы (ҚазМұнайГаз атынан – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер