KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлеріне арналған ақпараттық хабар (повтор)

 28.05.2018    459
Құрметті акционерлер, 2018 жылғы 24 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысымен 2017 жылға Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және бір жай акцияға есептегенде 2017 жылға дивиденд мөлшері 160 (жүз алпыс) теңге бекітілді. 2017 жылдың қорытындысымен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі (бұдан әрі – Реестрі) 2018 жылғы 12 маусым 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Дивидендтерді төлеу 2018 жылғы 26 маусымнан бастап ақшамен, оларды «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте аудару жолымен жүргізіледі:
  1. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның номиналды ұстауында тұрған жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы;
  2. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның номиналды ұстауында тұрмаған жай акциялары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өздігінен.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес дивидендтерді төлеу Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде акционердің мәліметтері болған жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап тоқсан күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы еске саламыз. Акционердің өзекті деректемелері туралы мәлімет болмаған жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу, акционер Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіне ол туралы қажетті мәліметтердің енгізілгендігін растайтын құжатпен қоғамға жолыққан сәттен бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Құрметті акционерлер, Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде сіздің өзекті деректемелеріңіз туралы мәлімет болмаған жағдайда, дивидендтерді алу үшін Сізге Реестр құрастырылған күнге дейін мынадай әрекеттер жасау қажет: - Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіне енгізу үшін қажетті мәліметтердің (оның ішінде банктік шоттың деректемелері туралы) өзгергені туралы делдалдық қызмет көрсету туралы келісім жасасқан делдалдық компанияны хабардар ету; - Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіне енгізу үшін қажетті мәліметтердің (оның ішінде банктік шоттың деректемелері туралы) өзгергені туралы «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (бұдан әрі – Тіркеуші) хабардар ету. Тіркеушінің бас офисі мен филиалдарының немесе трансфер-агенттің кеңселерінің орналасқан жері мен байланыс телефондары туралы ақпарат алу үшін https://www.tisr.kz/ сілтемеге өтуіңізге болады. «ҚазТрансОйл» АҚ Инвесторлармен байланыс қызметі
Реакция:
Серiктестер