KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Көмірсутек шикізаты үшін экологиялық шешім

 08.08.2018    442
Атырау облысындағы «ҚазТрансОйл» АҚ Н. Шманов атындағы мұнай айдау стансасында (МАС) пайдалануға берілген булар рекуперациясының қондырғысы (БРҚ) экологиялық тазалықты қамтамасыз етіп, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарға тоқсауыл қоюда өз тиімділігін көрсетіп келеді. Өткен жылдың қортындысы бойынша Н. Шманов атындағы МАС булар рекуперациясының қондырғысын қолданудың арқасында ауаға тарайтын қалдықтар мөлшері 80 пайызға азайды. Мұнайды тасымалдауда құбыр желісі ең экологиялық таза транспорт түрі болып табылады. Экологиялық және мұнай құбыр желісіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ тасымал технологиясымен қоса, эко және қуат үнемдеу технолоиясын да қатар дамытып келеді. Булар рекуперациясы TS-4500 қондырғысы Н. Шманов атындағы МАС қайта жаңғырту кезінде резервуарлық паркті кеңейту жұмысымен қатар жүзеге асырылған жобалардың бірі болды. Себебі, стансаны қайта жаңғырту барысында сиымдылығы 140 000м3 болатын 8 қосымша резервуар пайдалануға берілді, олар мұнай айдау және оны сақтау барысында ауаға зиян қалдықтарды тарататын еді. – БРҚ қондырғысының принципі жеңіл көмірсутек буы газды сіңіріп алу кезінде белсендірілген көмір тазартқыш түйіршік қабатынан өтеді. Осылайша, органикалық қосымшалар белсендірілген көмірдің жоғарғы қабатында тұрып қалады да, буды рекуперациялау қондырғысы арқылы құрамында көмірсутегі жоқ таза ауа сыртқа шығады, - деді Атырау мұнай құбыры басқармасының бас инженері Марлен Төлегенов. «Жалпы буды рекуперациялау қондырғысы Н.Шманов атындағы МАС көптеген жұмысына оң ықпалын тигізді: жұмысшылардың таксинді бумен демалуына тосқауыл қойды, өндірістік шығынның азаюына септесті. Осылайша, ауадағы құнды саналатын көмірсутек, ауаға тарамай, шикізат болып орнына қайтып келді, яғни бұл жоба экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді екені осы уақыт ішінде жан-жақты дәлелдеді», – деп атап өтті М.Төлегенов. Өз кезегінде, Атырау облысының экология департаменті, экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Айнұр Қалиахметова ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың нормативін жасау барысында экология департаментімен Атырау мұнай құбыры басқармасына ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту мақсатында буды рекуперациялау қондырғысын орнату бойынша ұсыныс жолданғанын атап өтіп, ұсыныстың аз уақытта бірден жүзеге асырылғанын айтты. «Жалпы Атырауға жақын орналасқан мұнай компаниялардың ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы алғашқы болып осындай экосақтау қондырғысын орнатты, жалпы бұл басқарма қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аса мән береді»,-деді Айнұр Қалиахметова. Алдағы уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ осындай буды рекуперациялау қондырғысын Атырау облысында орналасқан Т. Қасымов атындағы МАС қолдануды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған жобаны жүзеге асыру үшін жобалық зерттеу негіздемесі жасалуда. Жалпы бұл жоба 2019-2021 жылдары аралағында іске асырылады деп көзделіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасындағы Н. Шманов атындағы МАС және өзге де нысандарында қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жобалары жетерлік. Олардың қатарында табиғи газ бен электрэнегрия сияқты энергоресурстарды оңтайландыру жобалары бар. АМҚБ қолданатын 70 пайыз энергоресурсы экологиялық таза отын саналатын – табиғи газды пайдаланады, алайда оны қолданудың өзі экологиялық қауіпсіздікті талап етеді. Табиғи газ - мұнай құбырларындағы мұнайды айдауда қыздыру үшін қолданылады. Зиянды қалдықтардың ауаға таралмауы үшін температуралық тәртібі қадағаланып отырады. «ҚазТрансОйл» АҚ АМҚБ нысандарында қуат тұтынуды үнемдеп қана қоймай, қоршаған ортаға зиянын келтіретін қалдықтарға тосқауыл қоятын жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолданады. Олардың бірі, бірқалыпты жүргізу функциясы бар реттеуіш жиіліктік жетек (РЖЖ). Бұл технология электрэнергияны үнемдейді және электрқондырғылардың іске қосылу ресурсын арттырады. Бұдан басқа АМҚБ люминесцент лампаларын жарық диотты лампаларына ауыстыру жұмысына баса назар аударған. Қолданылған кешенді шаралардың арқасында АМҚБ 2017 жылы энергоресурстарды қолдану 50 502 тонна шартты жанармайды (т.ш.ж.) құрады, бұл 2013 жылмен (74 313 ш.ж.т.) салыстырғанда 32 пайызға төмен. Жалпы, «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2017 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсаған қаржысы 669 млн 367 мың. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 38% артық. Атап өту керек, 2017 жылы компанияда ауаға тарататын зиянды қалдықтар белгіленген нормативтерден аспаған. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын сутартқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 2014 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ өндіріске қуат үнемдейтін технологияларды енгізу жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді. 2004 жылы Кеңқияқ-Атырау мұнайқұбыры желісінің торабында автономды фотоэлекростанциялар құрылды. 2008 жылдан бастап жылу және электрэнергиясын техникалық шығынын азайту үшін жоспарлы жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, 2017 жылы электрқуатын шығыны 4,5 КкВТ/мың.тонн км (2009 жылы кВт/мың. км). табиғи газдың шығыны 107, 1 мың. шаршыметрге дейін ( 2009 ж – 165,4 мың). шаршыметр), ЖЖМ шығыны - 5,05 тонн (в 2009 - 9,067 тонн) азайды. Осылайша үнемдеу мұнайдың жүкайналымына оңтайлы әсер етіп, оны арттыруға септесті. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер