KZTO 820,00 (+0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,00 (+0,61%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2018 жылдың 9 айында 42,3 млн тонна мұнайды тасымалдады

 19.10.2018    381
«ҚазТрансОйл» АҚ 2018 жылдың өткен 9 айында тасымалданған мұнай және мұнай өнімдерінің шоғырландырылған жалпы көлемі 42 млн 270 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,3% пайызға кем. «ҚазТрансОйл» АҚ есепті мерзімде тасымалданған мұнай көлемі 33 млн 911 мың тонна болды, бұл 2017 жылдың 9 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 1,8% аз. «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың жүк айналымы 28 млрд 540 млн тонно-шақырымды құрады, бұл 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,6% кем. Шоғырландырылған жүк айналымы 34 млрд 599 млн тонна-шақырым, бұл 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2,9% аз. Астрахан-Маңғышлақ су таратқышы бойынша Атырау, Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Еділдің суын жеткізу көлемі есепті кезеңде 22 млн 88 мың текше метрді құрады, бұл 2017 жылдың 9 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 9,9% артық. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын су таратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер