KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың ұзақ мерзімді кредит рейтингісін «Тұрақты» болжаммен «ВВ» деңгейге дейін көтерді

 13.11.2018    269
2018 жылғы 12 қарашада S&P Global Ratings (бұдан әрі – агенттік) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингісін «Тұрақты» болжаммен «ВВ-» деңгейден «ВВ» деңгейге дейін көтергеннен кейін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредит рейтингісін «Тұрақты» болжаммен «ВВ-» деңгейден «ВВ» деңгейге дейін көтергендігі туралы хабарлады. Агенттіктің пікірінше Қоғамның рейтингісі бойынша «Тұрақты» болжам «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас құрылымы рейтингісі бойынша ұқсас болжамды, сондай-ақ мұнай тасымалдау және экспорттау бойынша табысты бизнес болғандықтан және компания деңгейінде қарыздың жоқтығынан жоғары кредиттік сипаттаманы көрсетеді. Бұл ретте, агенттік Қоғам «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың тобына тиесілі болуына байланысты тәуекелдерден қорғалмайтындығын атап өтті, сондықтан агенттік еншілес компанияға бас құрылым деңгейінен жоғары рейтинг бермейді. Агенттік Қоғамның рейтингісіне қатысты оң іс-қимылдар бас компанияға қатысты ұқсас рейтингтік іс-қимылдар жағдайында жүзеге асырылуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Реакция:
Серiктестер