KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамының өзгеруі жөнінде

 30.11.2018    360
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 2018 жылдың 19 қарашасындағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі Пирогов Алексей Георгиевич уәкілеттілігі 2018 жылдың 30 қарашасында уақытынан бұрын тоқтатылды. Құлтұмиев Әліби Амандықұлы 2018 жылдың 4 желтоқсанынан «КазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. Құлтұмиев Әліби Амандықұлы 1980 жылдың 1 тамызында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2001-ші жылы Құқықтану және халықаралық қатынастар қазақ иниститутын тәмамдап, құқықтану бакалавры дәрежесіне ие болды. 2004-ші жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетін «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау, орнату және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-механик біліктілігіне ие болды. 2015-ші жылы И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін тәмамдап, Іскерлік әкімшілік магистрі – Master of Business Administration (МВА) дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Ақтау» ЖӨДС тауар операторы, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері болып бастады. Кейін «НГСК КазСтройСервис» АҚ құрылыс сапасын бақылау, еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры, құрылыс сапасын бақылау департаментінің директор орынбасары және директоры болып істеді. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының магистральді мұнай құбырларын пайдалану бөлімінің жетекеші маман-үйлестірушісі, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖЖС департамент директоры қызметін атқарды. 2017-ші жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының басшысы қызметінде болды. Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер