KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«Кеңқияқ- Атырау» магистралды мұнайқұбырының SCADA жүйесін «ҚазТрансОйл» АҚ-тың SCADA жүйесіне интеграциялау жұмысы аяқталды

 13.12.2018    303
«ҚазТрансОйл» АҚ Бас диспетчерлік басқармасында (БДБ) «ҚазТрансОйл» АҚ, «МұнайТас» ЖШС және «Zeinet» ЖШС мердігерлік ұйым мамандары «Кеңқияқ-Атырау» магистралды мұнай құбырын технологиялық жабдықтармен алыстан басқару жұмысын сынақтан өткізді. «Zeinet» ЖШС - «МұнайТас» ЖШС-ның «Кеңқияқ-Атырау» магистралды құбырының SCADA жүйесін «ҚазТрансОйл» АҚ SCADA жүйесіне интеграциялау бойынша мердігерлік ұйымы. БДБ мамандарымен бірге БДБ-дан тікелей түрде технолгиялық жабдықтарды басқару бойынша соңғы сынақтар өткізілді: ысырмаларды ашу, датчик көрсеткіштерін алу, бір деңгейден екінші деңгейді басқару хақын беру жұмысын тексеру. «Бүгін компанияның барлық мұнай құбырларын, оның ішінде бірігіп-басқару ұйымдарын, орталықтан Астанадағы БДБ-дан басқару бойынша кең ауқымды жұмыс аяқталды. Жүйе сапалы түрде жұмыс істейді, өз-өзін 100% ақтайды, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді, барлық технологиялық процесстерді бақылуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы – апаттарды болдырмауға әсер етеді.», - дейді «Zeinet» ЖШС бас директоры Юрий Беляев. Арыстанбек Жангиров, «МұнайТас» ЖШС өндірістік-техникалық департамент директоры: – «Біздің мекеме «Zeinet» ЖШС-мен бірге 2016-шы жылы басталған SCADA жүйесін модернизациялауды аяқталды. Бұл жұмыстардың барлығы болашақта мұнай құбырыларды басқару жұмыстарын және еңбек шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл «МұнайТас» ЖШС БДБ-ға SCADA жүйесін интеграциялаудан өзге визуалдық мүмкіндіктері бар Бейжіңдегі Орталық диспетчерлік бекетіне интеграциялану ісін аяқтайды.» Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын су таратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер