KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» құны 6 млрд 682 млн теңге болатын келісім шартқа жасады

 15.01.2019    335
«ҚазТрансОйл» АҚ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» «Карашығанақ-Атырау» магистральды мұнай құбырына техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға құны 6 млрд 679 млн теңге болатын жаңа келісім шартқа қол қойды. Аталған келісім-шарттың бюджеті екі кезеңге бөлініп, 3 жылға есептелген. Келісім шарт барысында 2019-2021 жылдарға инфляция коэффиценті қолданылады, бұған қоса, қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек ақысын өсіру және ұсынылатын автокөлік есебі қарастырылған. «ҚазТрансОйл» АҚ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» «Карашығанақ-Атырау» магистральды мұнай құбырына техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға 16 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейінгі 2013-2018 жылдардағы бес жылдық келісім шарт құны 6 млрд 679 млн теңгені құрады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзындығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 24-дюймдік «Қарашығанақ Атырау» құбырының ұзындығы 635,5 км құрайды, ол 2003 жылы Қарашығанақ кен орнынан Каспий Құбыр Консорциумына Атырау терминалы арқылы шикізатты экспортқа шығару мақсатында пайдалануға берілген. Құбырдың жобалық өткізу күші жылына 10 млн тоннаға дейін жетеді. Қарашығанақ 1,2 млрд тонн мұнай мен 1,35 трлн м³ газ қоры бар кен орны Қазақстан Республикасының Батыс аумағында орналасқан. Оның игеру жұмысымен мұнай газ өндіретін 5 халықаралық компания айналысады: Shell («Би Джи КарашығанақЛимитед» 100% үлестес компания арқылы 29,25%), Eni «Би Джи КарашығанақЛимитед» (100% үлестес компания арқылы 29,25%), Chevron (18%), «ЛУКОЙЛ» (13,5%), «ҚазМұнайГаз» (10%). «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер