KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 2019 жылдың 1 тоқсанында 11,3 млрд тонн/км құрады

 16.04.2019    295
«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылдың 1 тоқсанына өндірістік қортындысын жариялады. Есепті кезеңде шоғырландырылған мұнайдың жүк айналымы 11 млрд 276 млн/км құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 215 млн тонн/км кем. «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың жалпы көлемі 11 млн 45 мың тоннаны құрады (2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 94 мың. тоннаға аз). «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 9 млрд 326 млн тонна километрді құрады (ол 2018 жылғы деңгейден 130 млн тонна-километрге аз). «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары бойынша Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына 3 млн 992 мың. тонн мұнай жеткізілді (бұл 2018 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 110 мың тоннаға көп): соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытына 1 млн 247 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» - 1 млн 270 мың тонна, Павлодар мұнай химия зауытына – 1 млн 386 мың тонна, ПМАЗ базасындағы битум зауыты – 90 мың тонна. «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша бойынша тасымалданған мұнай көлемі 25 мыңң тоннаға артып, 3 млн 702 мың тоннаны құрады. ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 2 млн 656 мың тоннаны құрады (ол 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 57 мың тоннаға аз). «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына КҚТ-К магистарльды мұнай құбыры жүйесіне мұнайды ауыстырып құю көлемі 2 млн 671 мың тоннаны құрады (ол 2018 жылғы көрсеткіштен180 мың тоннаға және 21 мың тоннаға кеміді). «ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 501 мың тонна құрады (2018 жылғы көрсеткіштен 7 мың тоннаға кем). «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 965 мың тоннаны құрады (бұл 2018 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіштен 74 мың тоннаға кем. Аталмыш бағыт бойынша жүк айналымы 3 млрд 557 млн тонна-километрге жетті (2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 122 млн тонна-километрге аз). «Мұнайтас» ЖШС мұнай құбыры бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанындағы мұнай тасымалдау көлемі 824 мың тоннаны құрады (2018 жылғыдан 102 мың тоннаға аз). Жүк айналымы 318 млн тонна-километрді құрады (2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 47 млн тонна-километрге аз). «Батуми мұнай терминалы» ЖШС компаниялар мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю 213 мың тоннаны құрады (2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 88 мың тоннаға аз). Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарының «Астрахан-Маңғышлақ» су таратқышы арқылы су тұтынушыларына «Магистральды су таратқышы» ЖШС арқылы 6 млн 467 мың текше метр су берілді, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 76 мың текше метр суға көп. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК топтар компаниясына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер