KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды тоқтатпайды

 29.04.2019    385
«Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша тасымалданатын мұнайда 204°С дейін қайнайтын органикалық хлоридтің массалық үлесі 10 және одан астам болуы туралы ақпаратқа және мұндай жарамсыз мұнайдың Усть-Луга порты арқылы тиелуінің жоғары тәуекеліне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ «Атырау-Самара» мұнай құбырымен мұнай тасымалдауды штаттық режимде жүзеге асыратынын хабарлайды. Компания қазақстандық жүк жөнелтушілер алдында шарттық міндеттемелерін орындауда. Атап айтқанда, Усть-Луга портында тиелу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қазақстандық өндірушілердің ресурстарын толық көлемде әрі тиісті сапада тапсыруы қамтамасыз етілді. 204°С дейін қайнайтын органикалық хлорид фракциясындағы массалық үлестің көрсеткіші МЕМСТ-ке сәйкес келеді әрі 3,3 ppm құрады. Қазіргі кезде Усть-Луга портында қазақстандық компаниялардың жеткізілген мұнайы «Prometheus Light» танкеріне тиелді. Қазақстан мұнайының келесі партиясы «Montego» танкеріне бүгін, 29 сәуірде, Мәскеу уақыты бойынша 17.00-де тиеледі. «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдаудың тоқтатылмағанын ескеріп, «ҚазТрансОйл» АҚ қаржылық шығындарға ұшыраған жоқ. 2019 жылғы сәуірге жоспарланған мұнай айдау толық көлемде орындалады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км. магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері расположены в Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер