KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2018 жылдың жұмыс нәтижелерімен Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды

 28.05.2019    380
«Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай мекенжайында орналасқан және БСН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы 62001 №0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ 536010111000012185 (теңге) реквиттері бар «ҚазТрансЙОл» АҚ 2019 жылы 28 мамырда Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2018 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімі қабылданғанын және бір жай акциясына есептегенде 2018 жылға дивиденд мөлшері 104 (бір жүз төрт) теңге сомасында бекітілгенін хабарлайды. «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының жоғарыда көрсетілген шешіміне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеуге жолданды:
– «ҚазТрансОйл» АҚ таза кірісінің 100%-ын құрайтын 38 484 983 000 (отыз сегіз миллиард төрт жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз сексен үш мың) теңге мөлшерінде; – өткен жылдары бөлінбей қалған пайданың 1 516 339 296 (бір миллиард бес жүз он алты миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз тоқсан алты) теңге мөлшерінде.
2018 жылдың қорытындыларымен «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 05 маусым 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша құралынады. Дивидендтер төлеу 2019 жылы 03 шілдеден басталынады, ақшамен оларды Қоғам акционерлерінің шоттарына белгіленген тәртіпте аудару жолымен:
  1. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың номиналды ұстауында тұрған жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы;
  2. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың номиналды ұстауында тұрмаған жай акциялары бойынша – «ҚазТрансОйл» АҚ өздігінен.
Құрметті акционерлер, Дивидендтерді дер кезінде алу үшін бағалы қағаздар иелерінің тізілім жүйесіндегі өз деректеріңіздің өзектілігіне көз жеткізу керек, сонымен қоса олардың өзгеруі жағдайында, делдалдық қызмет көрсету шартымен жасасқан делдалдық компанияға жолыққан, немесе «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ны «ҚазТрансОйл» АҚ акциялар иелерінің тізілім жүйесін жүргізуге керекті деректердің (оның ішінде, банк шотының реквизиттері) өзгергені туралы мәлімдеудің мақсатында жолыққан жөн. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 02 шілдедегі года №166-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы бойынша «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (кейін – АҚ туралы Заң) 23-бабына 2019 жылдың 01 шілдеден бастап өз күшіне енетін өзгерістер енгізілді. Көрсетілген өзгерістерге сәйкес, акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, оған тиесілі дивидендтер оның «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың есепке алу шотында ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған арнайы шотына аударылатын болады. Өз кезегінде, акционер «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-қа өтініш жасау арқылы кез келген сәтте осы шоттан дивидендтерді талап етуге құқылы болады (Ақпараттық хабар, Қазақстан Ұлттық Банкі, 2018 жылғы 15 тамыз). Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер